Әлеумет

Керек кеңес

Тәулікте қанша су ішу қажет?

Адам денсаулығы үшін судың алатын орны ерекше. Тіршілік көзі адам ағзасына тек пай­да әкеледі. Егер ағзаңыз­да су тапшылығы болмаса, өзіңізді қунақ аттай сезінесіз. Сонымен, адам тәулігіне қанша су ішу қажет?
Білікті ғалымдар күн сайын ерлерге 3 литр, әйелдерге 2,2 литр су ішу керек екендігін айтады. Алайда бұған таза газдалмаған су ғана емес, өзге де сусындар кіреді. Орташа алғанда күніне 240 миллиграмнан 8 стақан су ішу қажет. Ескере жүретін бір жайт бар. Егер жүрегіңіз бен бүйрегіңіз ауырған жағдайда су ішуді азайтқан дұрыс. Керісінше, іш өту кезінде суды көбірек ішкен жөн. Жай қимыл-қозғалыстың өзі ағзадағы суды тер арқылы шығарып жібереді. Сондықтан оның орнын толтыру үшін күніне судың көлемін 1,5-2,5 порцияға көбейту керек.

Кедей болғыңыз келмесе

Адамды кедейлікке алып келетін тоғыз әдетті қаперіңізден шығармаңыз. Олар: 1. Өзін-өзі аяушылық. 2.Сараңдық. 3.Ұнатпайтын іспен шұғылдану. 4.Жұмыс нәтижесін тек ақшамен өлшеу. 5. Ақшаны босқа шашу. 6. Әп-сәтте пайда көру. 7.Шағымдану. 8.Өзін басқалармен салыстыру. 9. Байлықты ақшамен теңестіру.

Тұзды талғап тұтыныңыз

Біз көбінесе адам денсау­лығына тигізетін кері әсері көп деп алкогольді ішімдіктер, темекі, газды сусындар және қуырылған етті айтамыз. Бірақ шамадан артық тұз бұлардан да өте зиян. Дүние жүзілік денсау­лық сақтау ұйымы әлемде кең етек алып бара жатқан жұқпалы емес аурулардың темекіден кейінгі себепшісі әрі қауіптісі – тұз деп мәлімдеді.
Қазір тұздың тәуліктік тұтынылуы орта есеппен 8 грамға көтерілген. Ол тез әзірленетін тағамдардың әсерінен көбейген. Осыдан елу жыл бұрын Жапонияда тұз мөлшері күніне 18 грамға дейін қолданылған. Соның кесірінен сал ауруына шалдыққандар саны артқан. Кейін үкімет тұзды тұтынудың көлемін азайтып, оның тәуліктік мөлшерін 4 грамға түсірді. Нәтижесінде, сал ауруымен ауыратындар 80 пайызға азайған. Ал тұзды қолдануды 2 грамға төмендеткен 4 жыл ішінде жүрек дертіне шалдыққандар 25 пайызға кеміген.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button