ӘлеуметҚала тіршілігі

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕРГЕ – ЖОЛДАМА

Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен жасақталған мобильді топ мүшелері елордадағы Орталық базар аумағында екінші көшпелі ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, бірінші көшпелі шара 30 сәуір мен 1 мамыр күндері аралығында «Хан-шатыр» сауда орталығы аумағында жүргізілген болатын. Нәтижесінде жұмысқа орналасуға 73 азаматқа жолдама берілді. Енді, міне, адамдар тығыз шоғырланған Орталық базар төңірегі де бекерге таңдап алынбаған.
– Біздің мақсатымыз – адамдарға тұрғылықты жұмыс ұсыну. Базар маңайында заңсыз жұмыс істеушілер көп болуы мүмкін. Сондықтан, азаматтарға нақты жұмысқа орналасуға жолдама беріледі. Топ мүшелері жарты сағат ішінде 20 адамға жолдама беріп үлгерді. Оған көпшіліктің қызығушылығы да жоғары. Оларға жаңа мамандықты игеру үшін қайта даярлық оқытуды ұсынамыз. Әсіресе, медицина, полиция, балабақша тәрбиешісі, энергетика мен қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындары жетерлік, – деді Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Сондай-ақ, мобильді топ мүшелері «Жұмыспен қам­ту – 2020 жол картасы» бағдар­ламасы мен Жастар практикасы жайында тереңірек түсінік берді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button