Ақтаңдақтар ақиқаты

Жас құтқарушылар жарысы

Балалар жас мөлшеріне байланысты өзін күтіп тұрған қауіп-қатер дәрежесін өз бетінше бағамдай алмайды. Сондықтан жасөспірімдердің қауіптің алдын алуға қатысты білімін жетілдіру қажет. Осы мақсатта жақында Астанада «Құтқарушы» спорт кешенінің аумағында оқушылар арасында жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы генерал-майор Мейрам Ысқақов және «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нұрлан Тяженов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жарыстар өрт-құтқару спортының барлық бағытын қамтып, бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, психологиялық тес­тілеу «Визит карточкасы» конкурсы, командалар арасында үздік әнұран, ту, киім үлгісі, өзін таныстыру, «Газет – жарнама қалқаны» байқауы, алғашқы көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмысын жүргізу, техногенді апат аймағындағы құтқару жұмысы, табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмысы, су акваториясындағы құтқару жұмысы, өрт сөндіру эстафетасы өтіп, мұнда нормативтер ғана емес, жаттығулардың дұрыс орындалуы да ескерілді.

Тартысты додаға қатысқан 16 команда арасында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің жас құтқарушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Ал жүлделі 2-орын №65 мектеп-гимназияның командасына берілсе, №8 мектеп-лицейдің жас құтқарушылары 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарға грамота, медаль, кубокпен қатар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Шынар ӘБИІР,

Л.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button