Ақтаңдақтар ақиқаты

Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігі

Елордада Pressclub Silteme баспасөз орталығының ұйымдастыруымен «Азық-түлік қауіпсіздігі: қазақстандықтарға қауіп төніп тұр» деген тақырыппен баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл тақырып бүгінде өте өзекті. Себебі ДДҰ дерегі бойынша жыл сайын 600 миллионға жуық адам (бұл шамамен әлемдегі он адамның бірі) 200 түрлі тағамнан болатын аурумен ауырады. Ал жыл сайын 420 мың адам дұрыс тамақтанбағанның салдарынан көз жұмады. Әсіресе балалар көп зардап шегуде. Дұрыс тамақтанбағанның салдарынан денсаулығына зиян келтіретіндердің 40 пайызы – 5 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде жыл сайын 125 мың бала қайтыс болады. Қазақстанда да жағдай алаңдатарлықтай. Жиында профессор Балғабай Майқанов еліміздегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесіне алаңдайтынын айтты. Қазақстандық ғалымның пікірінше, тағам өнімдерінің сапасына бақылауды күшейту қажет.

«Практикалық тұрғыдан тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жеткіліксіз деңгейде. Бұл мәселе жылдан-жылға шешімін таппай келеді. Оның бірнеше себебі бар. Ол – азық-түлік қауіпсіздігін бақылауға көзқарастың әртүрлі болуы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сараптауда бақылаудың әлсіздігі, халықаралық ұсыныстарды білмеу немесе елемеу, codex alimantarius азық-түлік стандарттарына негізделген тиісті қызметтер мен тәуекелдерді бағаламау және талдамау» деді Б.Майқанов.

Ғалым республикалық ветеринарлық зертхананың барлық облыстық бөлімдерінде тағам өнімдерінде бөгде заттардың болу-болмауына (антибиотиктер, гормондар, радиобелсенді заттар, пестицидтер, афлатоксиндер және т.б.) үнемі мониторинг жасап, тағам қауіпсіздігі зертханаларын әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықтау және жаңғырту, аграрлық жоғары оқу орындарындағы «Ветеринарлық санитария» мамандығының атын «Тағам қауіпсіздігі» деп ауыстыру қажет екенін алға тартты.

Жансая АБИРБЕКОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button