Шаһар шежіресі

Көпестің бұрынғы үйі

Бұл бір кезде көпес Иван Второв дегеннің жекежайы (особнягі)  болған. Өз заманының бірегей туындысы болып саналатын екі қабатты үйден сәулет өнерінің ерекше белгілері байқалады.

Ленин даңғылы (қазіргі Абай даңғылы) мен Комсомольская (қазіргі Желтоқсан) көшесі қиылысындағы осы ғимаратта Кеңес кезеңінде қалалық аурухананың хирургия бөлімшесі  жұмыс істепті. Кейін, дәлірек айтқанда,  1971 жылы бұл тарихи ғимарат сүріліп, орнына көп қабатты тұрғын үйлер салынған.

«Второв үйі алыстан көз тартатын сол кездегі айырықша құрылыс болды. Бірінші қабаты түрлі ою-өрнектермен әсемделіп, екінші қабатының сырты үнемі әрленіп, жаңартылып отыратын. Бұл ғимаратты бұзбай тарихи ескерткіш ретінде қалдыруға да болатын еді» дейді қаланың байырғы тұрғындары.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button