Sport

МОТОМАУСЫМ АШЫЛДЫ

Астанада алғаш рет республика көлемінде мотомаусымның салтанатты ашылуы өтті. Бұл фестиваль қалалық әкімдіктің қоМотошеру елордалық саябақтан басталып, «Астана Арена» стадионына дейін жалғасты.

https://informburo.kz/ сайтынан алынған
https://informburo.kz/ сайтынан алынған

Оған 500-ге тарта байкер қатысып, белгіленген межені Тұран даңғылының бойы­мен жүріп өтті. Республикалық фестивальге Қазақстанның ғана емес, шет елдердің мотоциклшілері де қатысты.
– Бұрын ауа райының жылынуына қарай еліміздің әр өңірінде мотомаусымның ашылуы түрлі уақытқа тап келетін. Ал биыл біз соның бәрін біріктіріп, үлкен мереке ретінде бас қалада ұйымдастыруды жөн деп санадық. Бұған Германия, Голландия және жақын орналасқан Ресей, Өзбекстан, Қырғызия, Украина елдерінен арнайы қонақтар келді, – деді «Road Brothers» мотоклубының өкілі Серік Шаламбаев.Мото думанның басты мақсаттарының бірі – қос доңғалақты көлікті дұрыс жүргізу мәдениетін көрсету.Тюмень қаласынан келген Владимир Бэтмен атты байкерге Қазақстан таңсық жер емес екен. Ол жазғы демалыста осында жиі келетінін, Балқашты қатты ұнатқанын, 2007 жылдан бері 10 жыл көлемінде біздің елге жылда ат басын бұратынын жеткізді.

https://informburo.kz/ сайтынан алынған
https://informburo.kz/ сайтынан алынған

Сонымен қатар, жаңа маусымның ашылуынан жас байкерлер де қапы қалмады. Автомотоспорт саласының ардагері Игорь Гавриленконың айтуынша, Қазақстанда үш балалар автомото мектебі бар. Олар Астана, Қостанай және Ақтөбе қалаларында орналасқан.Мотошеру мәресіне жеткен «Астана Арена» спорт кешенінің алдындағы алаңда көңілді концерт қойылды. Онда Беларусь және Ресейден келген мотоцикл жүргізудің қыр-сырын жақсы білетін шеберлер өнер көрсетті. Сондай-ақ, бұл шарада сирек кездесетін көне көліктердің көрмесі өтті.лдауымен ЭКСПО көрмесіне орай ұйымдастырылды

https://informburo.kz/ сайтынан алынған
https://informburo.kz/ сайтынан алынған

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button