Қала мен Сала

500 адам жұмыспен қамтылады

Биыл елордада жалпы сомасы 15,9 млрд теңгені құрайтын 11 инвест-жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл инвест жобалар сәтті жүзеге асырылған жағдайда 500-ден астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Арсен Меңдіғазиев брифинг өткізді.

Астанада өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылуда. «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 473,3 млрд теңгені құрады, НКИ – 100,4%. Өңдеу өнеркәсібінде 410,1 млрд теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – 98,5%.

– Қаланың өнеркәсібі, негізінен, Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ұсынылған өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 86,7%-ын құрайды; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 12,1%; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3%. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары металлургия; машина жасау; өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі; сусындар өндірісі; резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру; азық-түлік өнімдерін өндіруден тұрады, – деді Арсен Меңдіғазиев.

Қаланың өнеркәсібі, негізінен, Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ұсынылған өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 86,7%-ын құрайды; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 12,1%; сумен жабдықтау, кәріз жүйе­сі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3%

Қалалық өнеркәсіп кәсіп­орындарының негізгі үлесі №1 Индустриялық паркте, Технопаркте, Өндіріс кентінде шоғырланған. 2022 жылдың тоғыз айында қаланың жалпы өнім өндірудегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6% құрады. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.

– Қазіргі уақытта елордада екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар – «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» АЭА. Осы арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниясы «Astana Invest «ҚИДО» ЖШС болып табылады. Бүгінгі таңда №1 ИП өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі нақты салынған 100 жобаны құрайды, жалпы құны – 320,28 млрд  теңге. Іс жүзінде 261 млрд теңге салынған, оның ішінде 247,08 млрд теңге сомасына 51 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 5 811 тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал 49 жоба іске асыру сатысында тұр, олардың жалпы құны 73,2 млрд теңгені құрайды. Бұл инвест жобалар сәтті жүзеге асырылған жағдайда елордада 2 574 жұмыс орнын құру қөзделіп отыр. «Астана – жаңа қала» АЭА құрылған сәттен бастап өндіріс көлемі 6 512 млрд теңге болды. Салық аударымдарының көлемі – 186,2 млрд теңге. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 15,9 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосу жоспарлануда, ол өз кезегінде 500-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, – деді «Astana Invest» қалалық инвестиция­ларды дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button