Қала мен Сала

«7-20-25» ипотекасын Halyk Bank арқылы ресімдеуге 7 себеп

Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жарияланды. Бұл бағдарламаның көмегімен төлемге қабілетті ҚР-ның әр азаматы бас­паналы бола алады. Қыркүйектен бастап Halyk Bank осы бағдарламаға қатысушылардың өтінімін қабылдауды бастады. Ипотеканың шарттары барлығы үшін бірдей әрі түсінікті. Яғни бағдарлама бойынша несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарнасы – 20% және несие мерзімі 25 жыл болғанымен, оны Halyk Bank арқылы алудың кем дегенде 7 артықшылығы бар.

1. Банктің ел бойынша кең дамыған филиал желісі бар
Халық банкінің бөлімшелері еліміздің ірі қалаларында, ша­ғын елді мекендерінде, тіпті ауылдарында да орналасқан. Банктің жалпы 634 бөлімшесінен бағдарлама шарттары туралы білуге, несие ресімдеуге бо­лады. Қарыз алушының тұр­ғылықты мекенжайы немесе тіркелген мекенжайына байланысты, сондай-ақ бірінші рет алғалы отырған баспанасының орналасқан орны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Яғни сіз ауылда тұрып, ірі қалаға көшуді армандап жүрген болсаңыз, онда іске сәт!

2. Потенциалды қарыз алу­шыға қойылатын жеңіл талаптар
Еңбек не/және кәсіпкерлік қызметінен соңғы 6 ай бо­йы­на үздіксіз ресми кірісі бар Қа­зақстан азаматы қарыз алуға үміттене алады. Аймақтар үшін оның кірісі айына 120 мың теңгеден, ал ірі қалалар үшін 200 мың теңгеден кем болмауы қажет. Бұдан бөлек, қарыз алушының банкке өтінім берген сәтінде өз баспанасы болмағаны дұрыс. Сондай-ақ, қарыз алу­шының жасы 21-ден кіші және ипотекалық қарызының соңғы төлемін жасайтын сәтінде 60 жас­тан үлкен болмауы керек. Ипо­текалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы да тексеріледі.
3. Қосалқы қарыз алушыны тарту мүмкіндігі
Күйеуі (әйелі) не жақын туыс­тары қосалқы қарыз алушы бола алады. Қосалқы қарыз алушыға «7-20-25» бағдарламасының та­лаптары жүрмейді. Демек, қо­салқы қарыз алушының пәтерінің бар-жоғы банк шешіміне әсер етпейді. Қосалқы қарыз алушыға несие тарихының бұзылмауы, төлем қабілеттігі және басқа да қарыздары бойынша борыштарын уақытылы өтеуі сияқты кәдуілгі талаптар қойылады.

4. Құжаттар жиынтығының аз­дығы
Қарыз алуға өтінім беру үшін банкке тек жеке куәлігін, еңбек­ақысы жөніндегі, ЗТМО-ға аударымдары жөніндегі және алғалы отырған жылжымайтын мүліктің бағаланған құны жөніндегі анықта­маларын, некеге тұрғаны немесе бұзғаны жөніндегі куә­лігін, құрылыс салушыға бас­тапқы жарна тө­лемін растайтын құжатын, жыл­жымайтын мүліктің құқын растайтын құ­жаттарының кө­шір­месін/түпнұсқасын, сатып алу-сату келісімінің пәтер қағазын/алдын ала келісімін, жеке меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ екені жөніндегі анықтамасын әкеледі.

5. Бағдарлама талаптарына сай келетін баспана таңдауға көмек
Бағдарламаның шарттарына сәйкес, пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлерге ғана ипотека ресімделеді. Бірақ салынған жылына шектеу қо­йылмайды. Тұрғын үйдің ең жо­ғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін – 25 млн теңге, басқа аймақтар үшін – 15 млн теңге. Бағдарламаның шарттарына сай келетін жаңа тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендері туралы белгілі бір тізім жоқтығынан пәтер таңдау қиынға айналуы мүмкін. Сондай жағдайда Halyk Bank серіктес-құрылыс салушылардың пәтерлерін ұсына алады. Олардың қатарында Алматы қаласындағы «Өркендеу» және «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешендері бар.

6. Тегін қызмет көрсету
Halyk Bank қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін ешқандай комиссия алмайды.

7. Ипотекалық несиелендіру­дің басқа түрлері
Halyk Bank ұсынатын басқа да ипотекалық бағдарламалары бар. Онда Halyk Bank еңбекақы жобасының қатысушыларына жеңілдіктер жасалған. Мысалы, Halyk Sale бағдарламасы арқылы қарыз алушылар банк теңгеріміндегі жылжымайтын мүлікті жылдық пайыздық мөл­шерлемесі 8%-бен несиеге ала алады.
Halyk Bank мемлекеттік бағдар­лама арқылы ипотека беруге қосылғанына небәрі бір ай болса да ипотекалық займға сұраныс әзірден жоғары: бүгінде банкке клиенттерден ондаған өтінім түсті, одан басқа барлық филиалдарында күнде егжей-тегжейлі кеңес беріледі.
Егер сізді «7-20-25» бағдар­ла­масы арқылы жаңа тұрғын үй­ді ипотекаға алу мүмкіндігі қы­зықтырса:
Сізге Астана қаласында 40-тан астам тұрғын үйлерде қолайлы жылжымайтын мүлікті таңдауға болады, оның ішінде астананың оң жағалауында орналасқан: «Тарлан» ТК, «Аксиома» ТК, «Сұңқар» ТК, «Абай үй» ТК және басқалар. Сол жақ жағалауда бағдарламаға «Қаратау» ТК, «Smart city» ТК, «Камал-4» ТК, «Тау» ТК, «Nova city» ТК 4, 8, 9, 13, «Nura Esil» ТК, «Санат» ТК қатысады. Жылжымайтын мүліктің толық тізімін дербес сервис орталықтарында менеджерлерден алғашқы кеңес алу кезінде нақтылауға болады.
www.halykbank.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button