Үйренетін үрдістер

Ағаштан антисмартфон жасады

Америкалық Monohm компаниясы ағаштан айрықша смартфон жасап шығарды.

агаш смартфон

Сыртқы формасы кәдімгі қалта сағатына келетін бұл гад­жет Runcible, яғни, антисмартфон деп аталады. Құрал автор­ларының айтуына қарағанда, дөңгелек пішінді ағаштың ішіне орналастырылған антисмарт­фонның негізгі мақсаты адамдарды әлеуметтік желілерге де­ген тәуелділіктен арылтып, жалпы интернеттен бас тартқызу екен. Алайда, құрыл­ғыда Google Play дүкеніне кіріп, кез келген қолданбалы бағдарламаларды көшіріп алуға еш шектеу қойылмаған. Runcible құрылғысында ешқандай пернелер жоқ, яғни, сенсорлы болып шыққан. MicroUSB арқылы қуат алады. Соған қарамастан, басқару жүйесі өте қарапайым.
Бұл байланыс құралын Monohm компаниясы алғаш рет осыдан бір жарым жыл бұрын халықаралық көрмеде жұрт назарына ұсынған болатын. Содан бері ол жетілдіріліп, өндіріске енді енгізіліп отыр.
Бүгінде Runcible құрылғысына тапсырыстар түсе бастады. АҚШ-та жаңа құрылғыға тапсырыс беру 500 доллар тұрады. Ол қыркүйек айында жеткізіле бас­тайды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button