Білім

Алаш арысын құрметтеді

Алаш ардагері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Тіл мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, «Есіл толқындары» халықтық ардагерлер ансамблі және Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мен оқушылары бірлесе ұйымдастырған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ал кітапты қолдарыңа» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Әдеби кеште филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Серік  Негимов, қоғам және мемлекет қайраткері Оразкүл Асанғазы, ардагер ұстаз, қоғам және мәдениет қайраткері Оспан Сүлейменұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының профессоры Мағрифа Қайранбайқызы Ахмет Байтұрсыновтың ерен еңбегін, рухты тұлғасын баян­дады. Мектеп оқушылары И.Кенжебек, Н.Дулатқызы «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында таныс­тырылым қорғап, мектептің жас ақындары Нұрлыбай Жакетаев пен Қуаныш Олжас жүрекжарды өлеңдерін мәнерлеп жеткізсе, З.Ағабекова Ахмет бабамыздың «Анама хат» өлеңін оқыды. Қазақтың тілі бай, көркем, сұлу, сырлы ғой, «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі әншілері Ахмет бабамыздың «Аққұмын» әуелете шырқап, бабамыздың жүрек толқынысын жеткізгендей болды. «Біржан сал» операсынан да үзінді тамашаланды.

Қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов мұралары өміршеңдігімен маңызды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button