Әлеумет

Әлеуеті артады

– Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында ерекше атап көрсетті. Жолдауда халықтың денсаулығына байланысты әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігіне қатысты пікірін білдірді. Реті келгенде айта кетелік, қала бойынша негізгі медициналық-демография­лық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткеніміз жөн. Осылайша, соңғы жылдары елордада өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, құрт ауруы, қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары және басқалар азайды.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды цифрландыру отандық медицинаны дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. IT-медицина саласында көп жұмыс жасалды, енді елордада дәрігердің қабылдауына мобильді қосымша арқылы немесе ikomek 109 байланыс орталығы арқылы жазыла алады. Сонымен қатар барлық медициналық ұйымдарда 1 миллионнан астам медициналық құжаттар цифрландырылды, атқарылған жұмыстардың арқасында әр тұрғынға электронды төлқұжат жасалды. Енді әркімнің өз денсаулығының көрсеткіштерін бақылауға, жеке денсаулығы туралы жазба арқылы мамандармен байланысуға мүмкіндігі мол.Президент Жолдауында атап көрсеткен ана мен сәби денсаулығы жайына тоқталсақ, ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған негізгі іс-шараларды атап өткім келеді. Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге уақтылы, мамандандырылған, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №1 қалалық аурухананы және №2 перинаталды орталықты біріктіру арқылы №1 қалалық көпбейінді аурухана құру жоспарлануда. Сондай-ақ 250 төсек орны бар акушерлік бөлімнің құрылысы қарастырылған.
Бұл – жүкті және босанған әйелдер үшін қолайлы жағдай жасау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар.

Әлия РҮСТЕМОВА,
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
басшысының орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button