Қала мен Сала

Ақбұлақты оңалту жобасы жүзеге асты

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен елордадағы Ақбұлақ бұлағын биологиялық ремедиациялау немесе «оңалту» пилоттық жобасы іске қосылды.

Су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту мақсатында ұйымдастырылған шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігі экологиялық реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экология департаментінің  өкілдерімен бірге Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК, елорданың бейінді басқармасының, «Бұқтыр­ма уылдырық шашу-өсіру шаруа­шылығы» ЖШС-нің өкілдері және экобелсенділер қатысты.

– Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас­тамасымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз.  Жобаның мақсаты – су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту болып табылады. Қамтылған пилоттық учаскенің ауданы Ақбұлақ бұлағы су айдынының жоғарғы бөлігінде 50 га аумақты құрайды. Бұл әдіс қопсытқышта өсірілген бір клеткалы жасыл балдырлардың «хлорелла» штамдарын қолдануды қамтиды, – деді «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруа­шылығы» ЖШС-нің директоры Сымбат Ануарбеков.

Айтуынша, суспензия – балдырлар жүзетін қоректік орта. Судың бай жасыл түсі мен физикалық қасиеттері бар. Өсіру үшін планктонды штамдар қолданылады.Тазарту және оңалту кезінде хлорелла концентрацияланған суспензиясын пайдалану нәтижесінде су айдынының экологиялық жай-күйі бірнеше көрсеткіштер бойынша жақсарады деп күтілуде. Атап айтсақ, су айдынының физикалық-химиялық көрсеткіштерін жақсарту; суда ерітілген оттегі концентрациясының жоғарылауы; су айдынының гидробиологиялық көрсеткіштерін жақсарту, зоопланктон мен зообентос санының және биомассасының өсуі; ихтиофауна санының артуы судың жай-күйіне жақсы әсер етеді екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button