Шаһар шежіресі
Ақмола астық элеваторы

1958 жыл. Студенттердің жазғы практикада көмекке Ақмола астық элеваторына келген кезі.
[smartslider3 slider=3152]
Өйткені 1956 жылы Қазақстан тұңғыш рет миллиард пұт астық жинап, сол жылы осы астық элеваторы салынған еді.
Енді, міне, Тың өлкесі бұрын-соңды болмаған бітік егін орып, оны төкпей-шашпай қамбаға құю үшін жастарға сенім артуда.
[smartslider3 slider=3153]
Сол кезде ең зәулім саналатын элеватор мұнарасының биіктігі 54 метр еді.
Республика даңғылындағы (бұрынғы Тың игерушілер даңғылы) астық элеваторы аумағында қазір «Ақ маржан» бизнес-орталығы қоныстанған.