Руханият

Ақынның рухы қолдады

Бұл суреттің тарихы қызық. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары Испания­да Қазақстан елшілігі ашылған жоқ. Сондықтан екі мемлекет арасындағы сауда және экономикалық байланысты нығайту, арадағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Президент 1996 жылы Үкімет басшысының орынбасары қызметінде жүрген Жәнібек Кәрібжановты Испанияға жібереді. Енді Жәнібек ағаны тыңдайық.

«Біздің делегацияны осы елдің премьер-министрі Хосе Мария Аснар қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қатынасты күшейту, елшілік ашу, «Тальго» жүрдек пойызы мен энергетика мәселелері сөз болды. Ол кісі біздің ұсыныстарымызға жылы шырай танытты. Қоштасарда мен оған сол жылы елімізде жүз елу жылдық торқалы тойы атап өтілген Жамбыл бабамыздың бейнесі бедерленген шағын кілемді сыйладым. « Бұл – қазақтың жасы жүзге келген алып ақыны. Сізге осы атамыздың жасын берсін!» деп тілегімді айттым. Бұл лебізді естігенде, алғашында бізбен салқын сөйлесіп отыр­ған премьер-министрдің мінезі кілт өзгеріп, көңілденіп шыға келді. Өйткені испандықтарда адамға алдымен «жасыңыз ұзақ болсын!» деп тілек айтады екен. Хосе Мария Аснардың өзі алты тілде еркін сөйлеп, поэзияны сүйіп оқиды. Маған айтулы тұлғаның бір кітабын салып жіберші деп өтініш айтты. Кейін елге келгеннен кейін ол кісіге атамыздың бір жыр жинағын салып жібердім. Одан маған «рақмет» айтқан жауап хат келді. Сөйтіп, бізді алыс Испанияда ақынның рухы қолдады» дейді белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button