Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Астана қаласы Білім басқар­масы мен «Clean City NC» компаниясы және Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының басшылары өзара келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Астананың барлық мектептерінде тұр­мыстық қалдықтарды бөліп салуға арналған контейнерлер қойылмақ. Ал тұрмыстық қалдықтарды бөліп салатын оқу орындарына сыйлық ретінде кеңсенің керек-жарақ­тары таратылады.

Алматы облысы

Биылғы жазда «Жасыл ел» жастар жасағының Алматы облысындағы филиалында 1695 жас еңбек етті. Олар екі ай көлемінде шөп шауып, қо­қыс тазалап, ағаш суарып, арық­­тарды қоқыстан тазалады.

Жамбыл облысы

Үш тілде оқыту жүйесіне көшу бойынша өткен оқу жылында Жамбыл облысында 45 мектепте биология, химия, физика, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілген болатын. Ал биылғы 1 қыркүйектен бас­тап осы пәндер өңірдің 185 мектебінде ағылшын тілінде оқытылады.

Түркістан облысы

Түркістан облысында поли­этилен мен пластик бөтел­келерді қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқ­талды. Зауыт толықтай іске қосылған кезде 250-ден аса жұмыс орны ашылады.

Қостанай облысы

Қостанай облысында егін жинау науқаны басталды. Облыс бойынша 4,6 млн гектар алқаптан астық жиналады. Қазіргі таңда 120 мың гектар жерге орақ түсті.

Атырау

Атырауда тегін Wi-Fi желісі орнатылған 25 орын пайда болады. Ғаламторға тегін кіру орындары қаланың орталық аумақтарында орналасады. Аталмыш жоба Smart Атырау және «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында құрылып отыр.

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлер үйінде облыс­тық «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер­лер өнімдерінің облыстық көрме-байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары Қасиет Орал 1 млн теңге, Ерлібек Жармаханов 700 мың теңге, Аслан Ертохаев 500 мың теңге сыйақыға ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button