БілімЖаңалықтар

Азамат тәрбиелейтін мектеп

Елордада ер балаларға арналған «Жарқын Смарт» мектебі ашылды.

[smartslider3 slider=234]

Салтанатты рәсімге Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков, елімізге еңбегі сіңген генерал Нұржан Рахметханұлы, №84 мектеп директоры Зәуре Ғинаятқызы және бірқатар белді тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысып, білім ордасына кітаптар сыйлады. Сондай-ақ белгілі айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар өлең оқып, ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілегін жолдады.
«Жарқын Смарт» – ұл балаларға арналған, ұлттық тәрбие беретін жеке меншік мектеп. Білім ордасы оқушыларды 5 сыныптан бастап қабылдайды. Мектепте түске дейін стандартқа сай сабақтар оқытылып, түстен кейін оқушылар мұғаліммен бірге үй тапсырмасын орындап, өзі қалаған үйірмеге қатысады.
Салтанатты рәсімге қонақ болған белгілі абайтанушы Омар Жәлел, ғалым Қайрат Жолдыбайұлы, өнер қайраткері Қыдырәлі Болман, ақын Олжас Отар мен бірқатар кәсіпкерлер мектеп ішін аралап, ерек білім ордасының болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button