Ресми бет

Балалық шаққа саяхаттайды

«Анам мені кішкентай кезімде адамдардың көзі тимесін деп «сары шымшығым» деп атаған еді. Себебі бір орында отырмайтын, елгезек, өте пысық болыппын…».

Бұл – белгілі қаламгер, Қазақ­станның құрметті журналисі Ғалия ­Балтабайдың «Sary qyz» атты әңгімелер жинағының үзіндісі.

Кішкентай Ғалияның шытырманға толы балалық шағы баяндалатын туынды балғын бүлдіршіндер мен көпшілік оқырманға арналады. Қысқа да нұсқа жазылған әр әңгіменің айтары анық, тілі жеңіл. Автордың өзі де басынан өткен әрбір оқиғадан түйін шығарып, ақыл-кеңесін білдіріп, оқырманмен кері байланыс ретінде сұрақтар қояды. Осылайша кітапты қолына алған әрбір жас жеткіншек автормен тілдесіп отырғандай болады.

Сапалы мұқаба, ерекше дизайн мен әңгіме желісіне сай салынған иллюстрациялар балаларды ғана емес, үлкендерді де өзіне баурап алатыны сөзсіз. Қызықты суреттер арқылы оқиғаларды көз алдына елестеткен оқырман автор өмірін бейнетаспадай сырғытып, бір деммен оқып шығады. Сондай-ақ жас өркендер туынды арқылы бүгінгі көне көз қариялардың тарихымен танысады. Әңгімелердің түпкі идеясы еңбекке баулу, Отанды сүю, адами құндылықтарды сақтауға бағытталады.

Балалар әдебиеті баланың тілін, психологиясын ұғуды, ойдың жұмырлығы мен ойнақылығы арқылы бүлдіршіннің жүрегіне жол табуды қажет етеді. Биылғы Балалар жылында қаламгер Ғалия Балтабайдың еңбегі балалар әдебиетін толықтырып, қолдауға септесетіні анық.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button