Сайлау-2022

Үміткерге каска сыйлады

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Жезқазған мыс балқыту зауытына келді. Үміткер анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ол қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Металлургтердің көп­шілігі зиянды өндіріс орнында жұмыс істейтіндіктен, ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп, «қауіпті кесте» ұғымын қайтару қажеттігін атап өтті. Кездесу соңында зауыт қызметкерлері сайлауалды додада сәттілік тілеп, кандидатқа жұмысшылар кәсіподақтарының бірлігінің белгісі ретінде каска табыс етті.

Металлургтермен кездесуден кейін Мейрам Қажыкен «Адал еңбек KZ» ЖШС-не барды. Бұл компания «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен, кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған ұйым болып табылады. Кездесу барысында үміткер компания басшылығымен және белсенділерімен таныс­ты. Мұнда қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне ден қойды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button