Білім

Білім саласының белестері

Елордада қалалық Білім басқармасының алқа отырысы өтті. Онда 2022 жылдың қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспар туралы айтылды. Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлбақыт Серікжанқызы, Астана қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсима Бимендина және білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер қатысты.

Алқа отырысында алғаш болып Білім басқармасының басшысы баян­дама жасады. Ол елордадағы білім беру сапасына тоқталып, 2023 жылға арналған жоспарды, оның шеңберінде атқарылатын іс-шаралармен бөлісті. Биыл тәрбиешілерді біліктілігін арттыру курсынан өткізуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Биыл балабақшалардағы орындарды ұлғайту мақсатында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 8000 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша 200 орынға арналған балабақшалар желісі ашылады.

«Былтыр балабақша тәрбиешілерінің 120 педагогы қайта даярлау курсын және 641 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курсынан жалпы 1012 тәрбиеші өтеді. 2025 жылға дейін бейінді білімі бар тәрбиешілердің үлесін кезең-кезеңімен 100 пайызға жеткізетін боламыз» деді Қ.Сенғазыев.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, 2023 жылы 34 балабақшадағы шағын сәулет нысандары ауыстырылады. 2025 жылға дейін балабақшалардағы шағын сәулет нысандары 100 пайыз жаңартылады.

2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1400 орынға педагогика мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. 2022 жылы 3077 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтсе, 2023 жылы 5481 педагог курстан өтетін болады.

Биыл мектептерде көркем әдебиет қорын ұлғайту мақсатында бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Кітапханалардың интерьерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда қаланың 36 мектебінде кітапханалар заманауи жабдықталды. Елордалық 46 мектепте оқырмандарға арналған коворкинг (сoworking) аймақтары ашылды. 2023 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін 19 мектеп кітапханаларының интерьері (редизайн) жаңартылып, жаңа коворкинг орталықтары ашылады.

2022 жылы 41 мектепке 64 пәндік кабинет сатып алу арқылы мектептердің 70,3 пайызы жаңартылған пәндік кабинеттермен жабдықталды. 2023 жылы 22 мектепке 29 пәндік кабинет сатып алынады.

Биыл да қосымша білім беру ұйым­дарының желісін дамыту бойынша жұмыс қарқынды жалғасады. 2023 жылы қаламызда 2000-нан астам оқушыны қамтитын 1 Оқушылар сарайы іске қосылады. Қосымша білім беру ұйым­дарына 1364 орынға мемлекеттік тапсырыс орнатылады.

2022 жылы инклюзивті білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс 2021 жылмен салыстырғанда 12 орыннан 97 орынға дейін ұлғайтылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы 4800 орыннан 7300 орынға дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 8500 орынға дейін көбейеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button