Денсаулық

«Донордың 5 игі ісіне» қатыс!

Астана қаласының қан орталығы «Донордың 5 игі ісі» бірлескен марафонын бастады. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, бұл марафон – құрметті донор болудың тамаша мүмкіндігі. Өйткені қайтымын күтпейтін акцияларға қатысу – мейірім мен жанашырлықтың белгісі.

Шараға қатысу үшін әрбір адам 5 игі іс жасауы қажет. Біріншіден, 2023 жылы 4 тамыз бен 25 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына келіп, тромбоциттерді кемінде 5 рет тапсыруы тиіс. Одан әрі бұл акция туралы мейлінше көбірек адам білуі үшін донация кезінде суретке түсіп, әлеуметтік желіде, суретті ала отырып, жазба жариялайды. Онда достарын белгілеп, оларды қан тапсыруға шақырады. Посттан бөлек, әлеуметтік желідегі стористе репост жасап, қан орталығының әлеуметтік желідегі парақшасын белгілейді. Ұйымдас­тырушылар барлық жарияланған жазбамен танысып, оны өз парақшасында көрермендермен бөліседі. Сосын тромбоциттердің әрбір 5 донациясы үшін донорларға естелік сыйлықтар береді.

Айта кетерлігі, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, салмағы 50 келіден артық, жасы 18-ден асқан, іс-әрекетке қабілетті азаматтар донор бола алады. Жақында ауырған, ота жасатқан, әлемнің кейбір еліне барған адамдар донорлықтан уақытша немесе тұрақты шеттету үшін негіз болады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button