Шаһар шежіресі

Ескі теміржол вокзалы

Гете көшесінің бойында орналасқан елорданың бұрынғы теміржол вокзалы пайдалануға 1957 жылы берілді.

[smartslider3 slider=2843]

1964 жылы вокзалдың бір жағы жаңартылып, оған касса залы мен жолаушылардың тынығу бөлмесі қосылды.

[smartslider3 slider=2844]

1990 жылы ескі вокзалдың жанынан жаңа биік ғимарат бой көтерді. Вокзалдың сыйымдылық қуаты 1800 жолаушыға дейін ұлғайды. Ал 2001 жылы ол Астана вокзалы атауын иеленді. Мұнда 2004 жылы заман талабына сай жаңа сәулет үлгісінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, кеңес кезінде бой көтерген көне кешен мен заманауи стильмен салынған бас терминал біріктірілді. Осының нәтижесінде оның сыйымдылығы тағы 300 орынға ұлғайды. Вокзал­дың жолаушылар жіберу қуаты 5,2 мың адамға жетті. Перроннан күніне 30-дан астам пойыз аттанатын болды.

Нұр-Сұлтан қаласында осыдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы жол» жаңа вокзалы пайдалануға берілгенмен, елорданың бас қақпасына айналған осынау сәулетті вокзал ғимарат бүгінде де маңызын жойған жоқ. Бас қаладағы көрікті орындардың бірі ретінде қала тұрғындары мен қонақтарына абыройлы қызмет көрсетуде.

Ғазиза Исахан

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button