Қала мен Сала

Кәріз жүйесі 3 жылда іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге бас шаһардағы бірнеше кәсіпорынды аралап, қызметімен танысты.

Мәселен, ведомство басшысы елордадағы респираторлар шығаратын зауытта, модульдік үй құрылысымен айналысатын ModeX өндіріс орнында, сондай-ақ арнайы техниканы шығаратын кәсіпорын мен витраж, терезе өнімдері, медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары және металл құрылымдарын дайындайтын зауытта болып, өндіріс қарқынын бағамдап қайтты.

Сонымен қатар Марат Қарабаев бас қаладағы №2 жылу электр орталығына да аялдап, астанадағы кәріз тазарту жүйесінің жұмысын тексерді. №2 кәріз тазарту жүйесінің құрылысы биыл басталады. Бұл жүйе алдағы 3 жылдың ішінде толық іске қосылады. Осыған байланысты министрлік өкілдері әкімдікпен бірлесіп, аталған нысанды жедел салу үшін өзекті мәселелерді талқылады. Елорданың қарқынды дамуын ескерсек, қала әкімдігімен бірлескен жұмыс қолайлы әрі заманауи қалалық ортаны құруға бағытталған шараларды тиімді іске асырудың негізгі жолдарын әзірлеуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button