Сұхбат

КӘСІПОДАҚТЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясында «Әрбір азамат өзінің мүдделерін қорғау үшін кәсіподақ құруға және оған мүше болуға құқылы» деп көрсетілген. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды кепілдердің бірі ретінде кәсіптік одақтар жұмысы қоғамда кең қолдау тауып, түрлі мекемелерде олардың бастауыш ұйымдары ашылуда. Республикалық мәдениет, спорт және ақпаратқызметкерлерінің кәсіподағы Астана қалалық филиалының төрайымы Светлана ИМАНҚҰЛОВАМЕН кездесіп, елордамыздағы кәсіподақ қозғалысының жайын білген едік.

– Біздің негізгі мақсатымыз кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігімен, мәдениет мекемелерінің өкілетті органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланысты нығайта отырып, әлеуметтік серіктестікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырамыз. Одаққа меншік түріне қарамастан мәдениет, спорт және ақпарат мекемелеріндегі кез келген қызметкер мүше бола алады.

– Кәсіптік одақтар мүшелерінің де қатары көбейіп келе жатқан болар?

– Бүгінде қаладағы 20-ға тарта мәдениет ошақтарында қызмет етіп жатқан 1500 адам – кәсіподақ мүшесі. Соңғы жылдың өзінде ғана ұйымымыз 560 адамға толықты. Кәсіптік одақтар институттарын жаңа мәнде жаңғыртуды тапсырған Елбасымыз бірлестіктің осы маңызын баса көрсетті. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар » деп, кәсіподақтар қызметінің заманға сай жаңа сипатын айқындады.

– Яғни, бізде кеңестер заманынан қалыптасқан кәсіптік одақтардың қызметі жөніндегі стереотип бұзылып, жаңа қоғамда басқаша сипат алады деген сөз бе?

– ХVІІІ ғасырдың аяғында Англияда бастау алған кәсіподақ ұйымының мәні мен рөлі өзгерген жоқ. Ол – еңбекшілерді біріктіру, әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу мақсатында мемлекетке ықпал ету. Ұйым өз жұмысын Конституция, Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпыға бірдей қабылданған халықаралық заңдарға сай жүргізеді. Бұл ретте мәдениет пен спортты және ақпарат саласының қызметкерлерін біріктірген біздің кәсіподақұйымы ең алдымен, жас мамандардың жағдайына көңіл аударып, олардың шығармашылығының тұрмыстық мәселелер көлеңкесінде қалып қоймай, жан-жақты дамуына қолдау жасауға ықпал етеді. Еңбек даулары туындаған жағдайда жұмыс берушімен түрлі келісімдер жүргізеді. Қолданыстағы Кәсіптік одақтар туралы заңдағы ұжымдық шарттар, жұмыс берушімен жұмыскерлердің арасындағы қатынастар, талап-міндеттер аражігі ашық айтылмаған себепті кей жағдайларда қол байлап отырғаны рас.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button