Астана аудандары

Мектептегі мерейтой

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы ауданы әкімінің аппараты №63 мектеп-­гимназиясымен бірге «Мемлекеттілік – ең алдымен тәуелсіздік, патриотизм және халықтың рухы» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=1349]

Алқалы жиынға Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы, Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов, «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, елорда мектептерінің басшылары қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – жастарға білімді, ғылымды және патриоттық тәрбиені берудің өзекті мәселелерін шешуде ғылыми көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету болды. Шара аясында астаналық мектептер командалары арасында робототехника бойынша сайыстар өткізілді. Сайыс қорытындысында үш аталым бойынша жеңімпаз командалар дипломмен марапатталып, бас жүлдеге ие болған №63 мектеп-гимназиясының командасы аудан әкімінің атынан бірінші дәрежедегі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button