Білім

Мектептегі қауіпсіздік маңызды

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Астана қа­лалық Білім басқармасы тарапынан кешенді жұмыстар жүргізілуде, бүгінде елордалық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен   100 % қамтамасыз етілген.

Қазіргі кезде барлық білім беру ұйымдарында қалалар автоматты өрт дабылы жүйесіне қосылған және цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық камералар мен дабыл түймелері Жедел басқару орталығына қосылған.

Сандық бейнебақылаумен қам­тамасыз ету 100 %-ды құрайды.

Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептері деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с болатын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Талаптар сақталады

Астананың білім беру ұйымдарында орнатылған камералар «Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.

Лицензияланған күзет бойынша барлық білім беру объек­тілерінде күзетті 1 санатты лицензиясы бар фирмалар қамтамасыз етеді.

«Күзет қызметі туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, білім беру объектілерінде күзет қызметтерін көрсететін ұйымдардың 1 санаттағы лицензиясы болуы міндетті (міндетті түрде: меншік құқығында радиобайланыстың не радиожиіліктерді жалдау шартының, меншік құқығында кемінде екі мобильді топтың, қызметтік атыс қаруының болуын көздейтін өзгерістер енгізілді).

Бұдан басқа білім беру ұйымдарының барлық объектілерінде (мектептер, колледждер, қосымша ұйымдар) турникеттермен қамтамасыз етілген.

 Өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Өрт қауіпсіздігі бойынша бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде 2023-2024 жылдары барлық білім беру ұйымдары өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілді.

2023-2024 оқу жылына арналған өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мамандарымен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша жаттығулар (оқыту), сондай-ақ авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар уақтылы өткізіледі.

Басты назарда –бала қауіпсіздігі

Биыл осы мақсатта 2024 жылғы 16 қаңтарда білім басқармасы мемлекеттік және жеке меншік жалпы орта білім беру ұйымдарының, колледждердің, балабақшалардың және ғимараттардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша, арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн-кеңес өткізді.

Кеңеске мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының, колледждер мен балабақшалардың басшылары, Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Астана қаласы мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, сондай-ақ Білім басқармасының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілі Владимир Максименко білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуы және жеке күзет фирмасы бойынша баяндама жасады.

Бұдан басқа, Астана қаласы ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Әмір Маратов білім беру объектілерінің қауіпсіздігі мәселелері, атап айтқанда, бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі және оларды ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына қосу туралы және «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес хабарлап, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен таныстырды.

Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдау жалғасады және ерекше бақылауда.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button