Жаңалықтар

Мерекелік марка

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орай елорданың көшуіне арналған пошталық марканың таныстырылымы болды.
– Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1997 жылы 10 желтоқсанда елордамыз ресми түрде Астанаға көшірілді. Сондықтан да бұл – тарихи мәні зор, ерекше күн. Елбасының жарлығымен Сарыарқаның төрінде жаңа қала пайда болды. Мұны ғасырлық жоба, ұлттық идея деп айтуға болады. Астана – ел экономикасын өрге сүйреген локомотивке айналды. 20 жылда шаһар адам танымастай өзгерді. 300 мың тұрғыннан халық саны бір миллионға жетті. Көптеген іс атқарылды. Әлі де алдымызда жүзеге асыратын қыруар жұмыс тұр. Біз осындай ауқымды мерекенің алдында «Қазпошта» АҚ бірлесіп, бір жобаны іске асырып отыр­мыз. Сол үшін қала басшысы мен әкімдік атынан іргелі ұжымға алғысымды білдіремін. Алдағы жылы қала күніне орай 20 жылдықтың белгісімен тағы бір жеке пошталық марка шығады, – деді Ішкі сая­сат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов.
Одан кейін Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов пен «Қазпош­та» АҚ пошталық қызмет бойынша атқарушы директоры Сәуле Егембердиева мерейтойлық марка мен естелік конвертке байланыс­ты тиісті құжатқа қол қойды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button