Білім

Мұғалімдер жұмысы жеңілдейді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы бұдан бұрын да айтқан болатын еді.

Оның ең бастысы – мұғалімдерді қағазбастылықтан мейлінше босату. Өйткені мемлекет басшысы директорларды тағайындау, мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөнінде арнайы тапсырма берген. Осы ретте елімізде педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Ол заңға 5,3 триллион теңге қаржы бөлінген. Биыл қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайыз­ға артты. Әрине, пандемия кезеңінде мұғалімдер күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өйткені қандай жағдайда да оқушыларға білім беруді тоқтатпау парыз. Осы кезде ұстаздарды жұмысынан тыс шаруаларға жұмсамау, оларды қағазбастылықтан арылту керектігі жөніндегі мәселелерді ұдайы назарда ұстаған министр бүгін де бұл мәселеге арнайы тоқталды.
«Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз» деді министр. Оның айтуынша, мұғалім жүктемесін азайту үшін құжаттар саны да қысқартылған. Мұндай жеңілдік тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары білімнен кейін­гі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Ендігі жерде мұғалім тікелей өз функцияларымен ғана айналысатын болады. Министрлік тарапынан тексерушілерге есеп беру сынды мәселелер қайта қаралып, шектеулер алынып тасталған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button