Әлеумет

Онлайн сатып алуға – 65 шағым

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде интернетте онлайн сатып алу кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Астана қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев брифинг өткізді.

Ресми ақпарат бойынша тауарды онлайн сатып алуға қатысты биылғы 9 ай ішінде республика бойынша 600 өтініш қаралып, 31 млн теңгеден астам сомаға тең бұзылған құқықтар қалпына келтірілген.

«Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқығын қорғаудың жоғары стандартын қамтамасыз ету мақсатында электрондық сауда алаңының өкілдерімен ынтымақтастықты жалғастыруда. Бірлесе жұмыс жүргізу тұтынушылардың электрондық сауда желілеріне деген сенімін нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың құқығы сатып алудың барлық кезеңінде қорғалатын электрондық коммерцияға теңдестірілген көзқарастың маңызын көрсетеді» деп түсіндірді құзырлы департамент басшысы.

Оның айтуынша, Астана қаласы бойынша қайтарылған тауар үшін ақшалай қаражатты тиісінше және тиісінше емес сапада қайтаруға жәрдемдесу туралы 65 өтініш қаралған. Нәтижесінде тұтынушыға жалпы сомасы 1200 млн теңгеге ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілген.

Департамент  басшысы азаматтар  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР қолданыстағы заңына сәйкес тұтынушы ақаулы тауарларды қайтаруға, сондай-ақ өз таң­дауы бойынша сатып алу бағасын пропорционалды төмендетуді, тауардың кемшілігін өтеусіз жоюды, тауарды ұқсас маркалы тауарға (модельге, артикулға) ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы екенін атап өтті.

«Сондай-ақ «Тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы шеңберінде тауарларды өткізу мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда нысандарына» теңестіру ұсынылатынын атап өткім келеді. Тиісінше, офлайн сатушыға қойылатын барлық талап онлайн сатушыларға да қолданылады» деді Нұрғали Егембердиев.

Бұдан бөлек, электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button