Білім

Оқушыларға сыйлық тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болған оқушыларға, сондай-ақ мұғалімдерге арнайы сыйлық табыс етті.

«Оқушылардың білімді болып қалыптасуы мен олардың жетістіктері мұғалімдер мен ата-аналардың еңбегі арқылы келеді. Бұл еңбек бағалануы керек. Бүгін дарынды оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификаттар, ал мұғалімдерге сыйақы мен ноутбуктер табыс етілді. Оқушылардың бәріне оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін! Мемлекет тарапынан жағдай жасалып келеді. Мектептер салынып, балалар орталықтары мен үйірмелер ашылып, мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Биыл наурыз айынан бастап оқушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Балалар қолдаусыз, қорғаусыз қалмайды» деп жазды ­Алтай ­Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button