ЖаңалықтарҚұқық

Полиция ғимараты ашылады

Бас қалада полицейлерге арналған жаңа ғимарат пайдалануға беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

[smartslider3 slider=484]

«Тәртіп сақшыларына қолайлы еңбек жағдайларын туғызу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің (Сарыарқа ауданы) бөлімшесіне арналған жаңа ғимараттың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылыстың өзі 5 жыл бұрын басталған, бірақ сот процестеріне байланысты проблемалы нысан ретінде танылды. Маңызды нысанның құрылысын қайта бастау үшін бірқатар мәселелерді шештік. Соның ішінде құрылыс конструкцияларына техникалық тексеру жүргізілді: апатты жерлері бұзылды, аралық жабындары күшейтілді және тағы басқа жұмыстар атқарылды. Нысан бірнеше айдан кейін пайдалануға беріледі. Жаңа ғимаратта 500 полиция қызметкері жұмыс істейді» деп түсіндірді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, елордадағы төрт елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Онда қала тұрғындарының өтініші бойынша учаскелік полиция бекеттері орналасады. Мәселен, Көкталда қазірдің өзінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр.
«Сондай-ақ қаланың түрлі аудандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сол сияқты азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін полицияның модульдік бекеттерін ашамыз. Олардың санын бірінші кезеңде 10-ға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар, 7 учаскелік полиция бекеті жаңғыртылды. Бұл шараның бәрі бізге қаланы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында дамытуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар (мектептер, қолжетімді тұрғын үй, медициналық орталықтар, полицияның тірек пункттері және т.б.) қадамдық жерде қолжетімді болады» деді Алтай Көлгінов.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button