ЖаңалықтарМәслихат

Қала бюджеті өсті

Елорда бюджетіне түсетін салық көлемі артып келеді. Бұл туралы кеше Астана қаласы Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов қалалық мәслихаттың кезекті отырысында мәлімдеді.

– Қала дамуының экономикалық көрсеткіштері динамикасын ескерер болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында Астана бюджетіне түскен кіріс көлемі 136,2 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,4 пайызды құрайды. Оның ішінде салық түсімдері 126 млрд теңгені құрап, 3,6 пайыз өсім көрсетті, – деді басқарма басшысы.
Осы жағдайға байланысты қаланың жалпы кірісінің жылдық болжамын 6 млрд 10 млн 479 теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған соманың 3 млрд теңгесін салық түсімдері, 1,4 млрд теңгесі салықтық емес түсімдер және 1,6 млрд теңгесін негізгі капиталды сатудан жиналған түсімдер құрайды.
Бұдан бөлек, мәслихат отырысының күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Соның ішінде қоғамдық көлікпен жүрудегі сараланған тариф сөз болды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button