Құқық

Қала таза болмаса…

Сарыарқа ауданының полицейлері жыл басынан бері қала аумағын ластаған 1127 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

[smartslider3 slider=1138]

Сарыарқа ауданының табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі инспекторларының арқасында 1127 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Мәселен, өткен кезеңде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда, іргелес аумақтардан қоқысты уақытылы жинамағаны, құрылыс учаскесінен тыс жерде құрылыс материалдарын жинап, балшықты шығарғаны үшін 48 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Жыл басынан бері қоқысты уақытылы жинамағаны, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаудың болмағаны үшін 100-ден астам мердігерлік ұйым жауапқа тартылды. Сонымен қатар белгіленбеген орындарда қоқыс тастауға жол берген тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button