ЖаңалықтарҚұқық

Қазақстанда өлім жазасы неге қолданылмайды?

Көптің көкейіндегі осындай сауалға  ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми кеңесшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ермек Әбдірасұлов жауап берді.

[smartslider3 slider=161]

– ҚР Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысында ҚР Конституциясы мен халықаралық актілері демократиялық қоғамның негізгі құндылығы ретінде өмір сүру құқығын таниды, оның үстем мәртебесін айқындайды және қандай да бір айырмашылықтарсыз барлық адам үшін осы құқыққа кепілдік беру жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін белгілейді. Республика Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сай адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Халықаралық құқықта өлім жазасын жою үрдісі айқын көрсетілген. Бұл шын мәнінде адамның өмірі мен құқықтары ерекше құнды болып табылатындығы демократиялық мемлекеттердегі әлемдік үрдіс. Ешкімнің, тіпті, мемлекеттің де адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Ол бұл құқықты тек соғыс уақытында және тек аса ауыр әскери қылмыстар үшін пайдалана алады. «Заңға қарсы қылмыспен де, заң бойынша да ешкім өмірінен айырылуға тиісті емес» деген даусыз қағида адам мен қоғамның санасына терең енуі керек. Қылмыстық кодексте өлім жазасы деген сөз 42 реттен көп қолданылады. Заң дайындау жұмыстарын жүргізу және соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін көзделген ҚР ҚК баптарының санкцияларында ғана өлім жазасы түріндегі жазаны қалдыра отырып, еліміздің Қылмыстық кодексіне тиісті өзгерістер енгізу қажет.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button