Мерей

Құрметті елордалықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – азат ел болып, демократиялық жолмен алғаш рет өзімізге басшы сайлаған тарихи күн. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында еңбек етіп келе жатқан Елбасымыздың орны ұлт тарихында алтын әріптермен жазылды. Нұрсұлтан Әбішұлы қалыптастырған стратегиялық ішкі және сыртқы саясаттың нәтижесінде еліміз тұрақты әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретінде жаһанға танылды. Сондықтан ел болып қалыптасуымызда Тұңғыш Президенттің рөлі қаншалықты зор болса, бүгінгі мерекенің де маңызы терең.
Елбасының елорданы көшіру туралы тарихи шешімі еліміздің одан әрі дамуына жаңа серпін беріп, үлкен өзгерістерге жол ашты. Сол кездегі кішкентай ғана Ақмола бүгінде елге қатысты басты шешімдер қабылданатын үлкен мегаполиске айналды.
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button