Қала мен Сала

Сапарыңызды ертерек жоспарлаңыз!

Қалалық City Transpor­tation Systems көлік компаниясы қоғамдық және жеке авто­көлікпен жүргенде тұрғындардың сапарын алдын ала жоспар­лауын сұрайды. Әсіресе жолда кептеліс пайда болған кезде мұның қажеттілігі жоғары.

[smartslider3 slider=3738]

– Сапарыңызды алдын ала жоспарлау мен құру үшін 2ГИС, Яндекс.Карта мобильді қосымшалары қолжетімді. Бұл қосымшаларда автобустарды онлайн бақылау жүйесі жұмыс істейді. Біздің әлеуметтік желілердегі Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems парақшаларымызда бағдарлар қозғалысы сызбаларының уақытша өзгерісі, қала маңы бағдарларының кестесі және басқа да өзгерістер туралы ақпарат беріледі. Сондықтан әлеуметтік парақшамызға жазылыңыз және барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз, – дейді CTS компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Нұрсұлтан Ибраев.

Компания өкілі сонымен қатар тұрғындардан жол жүру ақысын уақытылы төлеп, қоғамдық көлікте көлік карталарын валидациялауды сұрайды. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізеді. Көп жағдайда жол жүру ақысын «қояндар» КБД қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді. Жыл басынан бері жол жүру ақысын төлеуден жалтару бо­йынша 70 мыңнан астам факті анықталды. Оның ішінде 9 мыңнан астам жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 61 млн теңгеден асатын сомаға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Төленген жолақы мен жүргізілген валидация негізінде біз жолда жүру сапары бойынша корреспонденция аламыз. Бұл өз кезегінде біздің мамандарға жолаушылар ағынының нақты көрінісін көруге көмектеседі, ал бұл – дұрыс бағдарлық желіні құру, яғни оларды өзгерту, жаңасын қосу, неғұрлым сұранысқа ие бағдарлардағы жүктемені азайту, бағдарларды бөлудегі негізгі элемент. Сонымен қатар сіздің төлеген жолақыңыз елордадағы қоғамдық көліктің дамуына жұмсалатынын ұмытпаңыз. Атап айтқанда, жанармай сатып алу, жүргізушілердің жалақысын төлеу, елорданың автобус паркін жаңартуға жұмсалады, – деді Н.Ибраев.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button