ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

ERA_5201

Жастар саясаты орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Аjar-Astana Mall» сауда ойын-сауық орталығында «Sportfest» фестивалі өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпақты спортқа баулуды көздеген игі бастамаға Астана тұрғындарынан бөлек, Қарағанды, Көкшетау, Екібастұз қалаларынан келген 10-25 жас аралығындағы 400-ге жуық адам үн қосты. Көпшілігі әлеуметтік желілерде жазылған хабарландыру бойынша жиналған көрінеді.

Фестиваль жұмысы «Graffiti», «Break dance», «Parkour», «Street workout» атты 4 бағытта жүргізілді. Оның ішіндегі брейк-данс «Kids», «Junior» және «Professional» деген санаттардан тұрды. Сондай-ақ, қатысушылар аяқтарына 32 келі гір тасын байлап, белтемірге тартылудан жарысқа түсті. Арнайы әкелінген қабырғаларға спорт та­қырыбында түрлі-түсті бояу мен сияның көмегімен сурет салды. Жақсы салынған суреттер жетімдер үйіне сыйға тартылады.

Жарыс соңында жеңімпаздарға
дипломдар мен түрлі бағалы сый­лық­тар берілді. «Алғаш рет өткі­зілген бұл фестивальге қызы­ғушы­лық танытқандар қарасы аз болма­ғандықтан, осы тектес шараларды алдағы уақытта да ұйымдас­тыра­мыз» дейді Жастар саясаты орта­лығы басшысының орынбасары Тынышқали Сәбен.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button