Құқық

Сот жүйесіне – тың технология

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Сот жүйесіне ІТ технологияларды енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Мемлекет басшысы судьялар қауымдастығының кезекті сьезінде соттардың халыққа ашық әрі қолжетімді болуы үшін электронды инновациялық жүйені енгізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты бүгінде елорданың соттары түгел заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген.
Жиында сөз алған Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдуғалиев сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын оңтайландырудың басым бағыты – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру екендігін айтты. Мәселен, 2016 жылдың алғашқы төрт айында 87 пайыз арыз электронды түрде түскен. Азаматтар мен заңды тұлғалар кез келген өңірден өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисіне электронды түрде талап-арыздарын жолдап, істің қаралу барысына бақылау жасай алады. Осыдан-ақ, электронды технологияларды қолдану ең алдымен сот процесіне қатысушы азаматтарға қолайлы екенін көруге болады.
Бұған қоса, электронды сот ісін жүргізу сот актілерінің сапасын арттырып, істерді қарау мерзімін жылдамдатқанын да атап өткен жөн.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button