Қала мен Сала

Тұрғындарды сақтыққа шақырды

Астанада жаңбыр мен жел араласып, аяз көтеріліп, жер көктайғақ мұзға айналды. Әрине, қала әкімдігі тарапынан сақтық шаралары жүргізілуде, көктайғақ қаланың жолдары мен көшелеріне күндіз-түні құм-тұз қоспасы себілуде. Алайда «Сақтансаң, сақтаймын!» дегендей, қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, тайғақ жолда абайлап жүріп, далада ұзақ уақыт болмағаны жөн. Автокөлікті жүргізгенде жылдамдық тәртібі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері күн одан әрі суытып, ауа температурасы 30 градустан төмен түседі.

10 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 30-32 градус аязға дейін төмендейді.

11 қаңтарда аздаған қар жауады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы 33-35, ал күндіз 25-27 градусқа дейін төмендейді.

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қар күреу жұмысы тоқтаусыз жүргізілуде. Елордада 9 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. 8 қаңтардан 9-ына қараған түні қаладан 39 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл 2349 ауыр жүк көлеміне тең. Жалпы қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына барлығы 1,7 млн текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button