Білім

ҰБТ-да қандай өзгеріс бар?

Биыл мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін қатысады. Ал өзге тұлғалар үшін  қатысу құны – 4 230 теңге.

[smartslider3 slider=3211]

Тест тапсыруға екі рет мүмкіндік беріледі. Бірақ талапкер бейінді пәндерді ауыстыра алмайды. Егер бірінші сынақта «математика, физика» пәндерінен тапсырса, демек, екінші мүмкіндігінде де осы пәндерден тест тапсыруға міндетті. Тестілеудің бірінші мүмкіндігінде ереже бұзған талапкер екіншісіне жіберілмейді. Нәтижелері бірден жойылады. Гранттық конкурсқа да қатыса алмайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі. Әрбір тест тапсырушының жеке тест нұсқасы болады және таңбаланады. Сондай-ақ ҰБТ  «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі.

ҰБТ үш міндетті және екі таңдау пәндері бойынша өтеді. Ең жоғарғы ұпай – 140. Тестілеуге 4 сағат уақыт беріледі.

Елордалық түлектер үшін биыл әкім гранты бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті. Қалада мұғалім және дәрігер мамандығына сұраныс көп. Атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды даярлық тобының мамандары бойынша 2500-ге жуық педагог қажет. Осыларды ескеріп, әкімдік атынан педагогика саласына 1000 грант, медициналық салаға 250 грант бөлінеді.

Егер мектеп бітіруші түлек ЖОО-ға түсе алмай қалса, колледжге бара алады. Колледжде белгілі бір мамандықты 10 айда меңгеріп, нарыққа шығып, жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, 1 жыл 10 ай ішінде техник мамандығын оқуына, әрі қарай ЖОО-ға түсіп жалғастыруына да болады. Бірақ барлық мамандық бойынша грант қарастырылмаған. Колледжден бөлек, қысқа мерзімді курстар да дайын тұр. Яғни қазіргі таңда 132 қысқа мерзімді курс бар. Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз боп тіркеледі. Сол арқылы тегін оқып, сертификат ала алады.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button