Жаңалықтар

Ұлт жоспарын түсіндірді

100

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қалалық №1 ауруханада елорда тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аталмыш топтың мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық бақылау және фармацевтикалық қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Нұрмұханов сөз сөйледі.

– Елбасы атап көрсеткеніндей, мемлекеттің басты мақсаты – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын Қазақстанда да енгізу болып табылады, – деді Р.Нұрмұханов.

Бұл реформа қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталғаны туралы айта келе, ол Ұлт жоспарындағы алғашқы 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге арналса, 19 қадам сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын жаңғыртудың тиімді шаралары туралы болып отырғанын алға тартты.

Ұлт жоспарындағы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған негізгі бөлім 50 қадамнан тұрады. «Индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталатын бұл бөлім жаңа жоғарытехнологиялы экономикалық өсімді ынталандыру мен адам капиталын дамытуға бағытталған. «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі алты қадам «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуға, жалпықазақстандық және қоғамдық бірлікті нығайтуы ықтимал жалпы шаралар және он қадам қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, «Ашық үкімет» жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Осы туралы кеңінен әңгімелей отырып, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі институционалдық бес реформаны жүзеге асыру жөніндегі жобаның әлеуметтік бағыттарына, әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен бірге бастапқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру мәселелеріне айрықша тоқталды.

Кездесу барысында мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру және мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту мәселелері де сөз болды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button