Руханият

Ұлы дала мұрагерлері

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» жобасы аясындағы домбырашылар флешмобын өткізді

[smartslider3 slider=1216]

Шараның мақсаты – жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттау және ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Флешмобқа оқушылар мен ұстаздардан құралған шығармашылық топ Құрманғазының «Балбырауын», Мәлгәждар Әубәкіровтің «Наркескен» және Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» секілді қазақ күйлерін шебер орындады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларға академиялық білім беріп қана қоймай, баланың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытында көптеген жобаларды іске асыруда. Бүгінгі шарада жас зияткерлер барлық салт-дәстүрлерді дәріптеп, қазақтың күй өнерін жаңғыртты. Бұл оқушылардың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнауы» дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Бүркітбайқызы.

Айта кетейік, «Ұлы дала мұрагерлері» флешмобы  жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардан құралған мыңдаған домбырашы бір уақытта қазақи аспаптық шығармаларды домбыра үнімен орындап, мерекені ұлықтайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button