Руханият

Жаңашыл идея жеңімпаздары

Елордада өтіп жатқан халықаралық сәулетшілер конгресі аясында «қала тынысы: ақылды аудан» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл жолғы гран-приді бас шаһарға қысқы жылыжай салу идеясын ұсынған топ жеңіп алды.

Биылғы байқауға 150 адамнан құралған 40 команда жинақталды. Қатысушыларға үш бағыт бойынша міндеттер қойылды. Олар жаңа технологиялардың инновациялық шешімдері, қала құрылысы және қалалық ортаны оңтайландыру, сондай-ақ, «жасыл» бастамалар деп аталды. Әр топ өздері таңдаған бағыт бойынша 48 сағат ішінде жаңа идея ұсыну қажет. Соңғы мәреге 40 командадан суырылып 11 команда шықты.
– Сайыс өте қызықты әрі тартыс­ты өтті. Әр команда өздерінің озық идея­ларымен жаңаша көрінді. Мұнда бірінші орынды Назарбаев университетінің студенттері иеленді. Олар тұрғын үй иесі ұялы байланыспен көлігіне орын алу үшін RBNB арқылы тұрақ пайдалануды ұсынды. Екінші орынды қаладағы ағынды суларды тазартуға арнаған жобаны берген топ алды. Үшінші орын мүмкіндігі шектеулі адамдарға IT-мектебін құру идеясын айтқан командаға берілді. Жүлдегерлердің бәрі өздерінің идеяларын «Жастар» ықшам ауданындағы инновациялық шешімдер зертханасында «Ақылды округ» жобасы аясында жүзеге асырады, – деді «Astana Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button