ЖаңалықтарҚұқық

Жүкті әйелді құтқарды

Ішкі істер министрі жүкті әйелді суицидтен құтқарған үш полицейге алғыс білдірді.[smartslider3 slider=159] 3 қазан күні елордалық полицей Алмаз Құлтанов «Рамстор» сауда үйі маңындағы Есіл өзенінің көпірінде тұрған бейтаныс әйелдің әдеттен тыс әрекеттерін байқап қалады. Әйел сыртқы киімдерін шешіп, суға секіруге әрекеттенген сәтте полицей дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, өзі көпірге қарай беттейді. Бұл кезде әйел суық суға секіріп кеткен еді. Құлтанов та оның артынан суға секіреді. Тәртіп сақшысы әйелге дейін жүзіп барып, киімінен ұстап, жағаға қарай жүзеді. Осы кезде серіктестері Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару құралын лақтырып, Нұрсұлтан Сариев те серігіне көмектесу үшін суға секірген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button