Мәселе

Зұлмат заман запыраны

Кеше Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві «Зұлмат заман қасіреті» атты архив құжаттарының көрмесін өткізді. Шараға Мәде­ниет және спорт министр­лігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілдері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалым-профессорлары, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені қызметкерлері, студенттер және мектеп оқушылары қатысты.

Көрмені ашқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов және Астана қаласы мемлекеттік архивінің басшысы Берік Төребеков тарихты еске алу, бағалау, мұраларды келешек ұрпаққа жеткізудің маңызы туралы айтты. Осыдан тура отыз жыл бұрын елімізде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңның қабылдануы үлкен серпіліс әкелді. Ал тарихымыздағы «ақтаңдақ беттер» ел есінде мәңгі сақталуы үшін 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп бекітілді. Содан бері кеңестік солақай саясат құрбандарын еске алу, оларды жазықсыз жағылған қара күйеден аршу бүгінгі ұрпақтың парызына айналды. 2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл бағытта біраз жұмыс атқарылды. Жиында сөз сөйлеген тарихшылар осыны атап өтті.

Қаралы жылдар жайында шағын фильм көрсетіліп, жәдігерлер таныстырылды. Көрме үш бөлімнен құралды. Бұл – ашаршылық құрбандары жайлы фотодеректер, ашаршылық құрбандарына қатысты кітаптар және «Архив-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей, Үндістан, Түркия сияқты шетелдік архивтерден, ғылыми орталықтардан әкелінген құжаттар. Тарихи деректер оқушылар мен жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Мысалы, латын әліпбиіне көшу тарихы, кириллица тек отарсыз­дандыру мақсатында енгізілді деген пікірлер айтылды.

– Қазір өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанғандай кезеңдеміз. Халқымыздың басынан өткен қайғылы жағдайларды өскелең ұрпаққа жеткізу – бұл көрменің негізгі мақсаты. Жаппай саяси қуғын-сүргін және мил­лиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық – тарихымыздың ең ауыр кезеңінің бірі. Өткенді еске алу, мұрамызды сақтау – парызымыз, – дейді тарихшы ғалым Мұхамедқали Баймұқанов.

Жібек РАХИМОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button