Денсаулық

Әйел сау болса – ұрпақ ұтылмайды

Бүгінде елордада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын 37 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 3 перинаталды орталық яғни перзентхана, 3 отбасы денсаулығы орталығы және 16 амбулаторлық-емханалық бөлімі, оның ішінде 13 қалалық емхана бар. Осы медициналық мекемелердің бәрінде әйелдер консультациясы жұмыс істейді.

Соңғы статистикалық мәлі­мет­­­терге сүйенсек, 2018 жылдың ал­ғаш­қы тоқсанында бойына бала біткен әйелдерді ұрық дамуының 12 апталығында тіркеуге алу 13 пайызға көтеріліп, өткен жылғы 75,9 пайыз­дан, осы кезеңмен салыс­тырғанда 85,8 пайызды құрап, біршама ілгерілегенімізді көрсетеді.
Өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен алып қарағанда «кесар тілігі» арқылы жасалынған операциялардың да саны кеміді. Бұл әйел табиғи жолмен өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса жасалатын ота. Салыстырмалы кезеңмен салыс­тырғанда 1904 әйелге ота жасалса, осы мерзімдегі биылғы көрсеткіш бойынша, 1719 ота жасалған. 2017 жылмен салыстырғанда әйелдердің медицналық-әлеуметтік көрсеткіштеріне қатысты жасанды түсік жасау саны да біраз кеміді. Былтырдан бері 8,4 пайыздан 4,68 пайызға дейін төмендеген.
Астана қаласы медициналық мекемелерінде барлық әйелдер жүктіліктің бірінші және екінші триместерінде биохимиялық скринингтен өтуге толық қамтылған. Осы ретте медицина саласының қызметкерлерін, акушер-гинекологтарын, перинаталды көмек беретін орта буын медицина қызметкерлерін даярлау, оқыту жұмыстары жүргізілуде. Екі қабат әйелдерге және жаңа туғандарға, сонымен бірге бес жасқа дейінгі балаларға патронажды қызмет етудің тиімді тәсілі енгізілді. Сандық сапаға көшірудің шеңберінде «Менің жүктілік кезеңім» атты мобильді қосымша іске қосылды. Жыл сайын бала тууға қабілетті жастағы әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізу тұрақты жүргізіледі.
Қаладағы онға тарта Жастар ор­талығында бойжеткен қыздар мен жас жігіттердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша жұмыс­тар жүргізіліп келеді.

Жазира ЕМБЕРДИЕВА,
Астана қаласы Қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
басшысының орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button