Сайлау-2022

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Есік қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты. Жиын барысында үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік сала, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті мәселелер көтерілді.

«Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балалардың жағдайын жасау үшін күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналар бар. Бірақ олар көп жағдайда балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек деп ойлаймын. Сайлаушылар тарапынан бұл мәселе қолдау тапты. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды мемлекеттік балабақшалардың негізінде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады. Бұл шешімнің бірден-бір артықшылығы – мәселе шешімі үлкен қаражат жұмсауды қажет етпейді» деп түсіндірді мәселенің мәнісін Қ.Әбден. Үміткердің айтуынша, бұл мәселе оның сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.

Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар қалаларының тұрғындарымен жүздесті. Алдағы уақытта Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесуі жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button