Құқық

Ерікті өрендердің екпіні ерек

Елорданың жалпы білім беретін 63 мектебінде «Полицияның жас досы» атты жасақ бар. Бұған өз еріктілермен қосылған ұландардың қатары бүгінде 467-ге жетіпті.

Полицияның жасөспірім достары ІІД Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімінің құқық қорғаушыларымен бірге жұмыс істеп, көптеген рейдтік шараларға қатысып жүр. Өрендерге мектеп маңайындағы тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнінде 80-нен астам дәріс оқылған екен.
–Балалар – еліміздің ертеңі. Олардың бойына қазірден бастап, тәртіпті болудың әліппесін, қандай бұзақылыққа да төзбеу қағидасын сіңірсек, ертеңгі күні олар қоғамдағы тәртіпсіздікке бейжай қарай алмайтын азаматтар болып қалыптасатыны анық, – дейді ювеналды полиция қызметкерлері.
Жасақ құрамындағы жастардың денсаулығын нығайту мақсатында спорттық шаралар да өткізіліп тұрады. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларға 800-ге жуық өспірім қатысқан. Өз құрбыластарынан озық шыққан жеткіншектер арнайы марапатталып, оларға құнды сыйлықтар тарту етілген.
«Полицияның жас досы» жа­са­ғы 7 дөңгелек үстел жиынын ұйым­дастырып, оған Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімінің басшысы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері мен дәрігер-нарколог, учас­келік инспекторлар қатысып, ой-пікірлерін ортаға салған.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button