#Жаңа Қазақстан

Кәсіпкер мүддесі – назарда

Астанада Respublica партиясының өкілдері тау-кен, металлургия және осы салалардағы технологиялық материалдар мен жабдықтар жеткізетін уәкілетті дилер PES Global компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.

Депутаттыққа кандидаттар ­Қуанышбек Мұқаш, Олжас Құспеков және Бақытбек Хамит жиын барысында кәсіпкерлердің дәл қазіргі мәселелерін талқылап, Respublica партиясының мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Respublica партиясының миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Кәсіпкерлікті дамыту қазақстандық экономиканың жаңа драйверіне және ел азаматтарының әл-ауқатының негізіне айналады деп ойлаймыз» деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков.

Ал партия өкілі Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайды, бұл адамдарды өз ісін жүргізуден алшақтатады, өйткені мұндай жағдайда бизнестің ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру қиынға соғады. Қазіргі жағдайда Қазақстанға кәсіпкерлік саласында сапалы өзгерістер қажет деп есептейді Respublica партиясы.

– Біз мектептен бастап қалыптасатын күшті және тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті жасауға және дамытуға баса назар аударамыз. Екіншіден, нақты және тұрақты ережелері бар бизнесті қалыптастыру қажеттігін түсінеміз. Ол үшін сауатты әрі түсінікті салық кодексін әзірлеп, бекітуді ұсынып отырмыз, оны үш жыл бойы өзгертпеу керек, – деді Қ.Мұқаш.

Осылайша, Respublica күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға және дамытуға баса назар аударады. Олар нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыру, қолжетімді қаржы құралдары мен қызметтеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, бюрократиялық кедергілерді азайту және квазимемлекеттік сектордың нарықтық билігін шектеу сияқты бастамаларды көтеріп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button