#Жаңа Қазақстан

Жалақыны өсіруді ұсынды

ҚХП төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ермұхамет Ертісбаев пен партия мүшелері Ирина Смирнова мен Асылбек Нұралин Өскемендегі ГЭС пен облыстық ІІД қарасты емхана ұжымымен кездесті.

Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын тілге тиек етті.

Партия төрағасы жер және жер қойнауы халыққа тиесілі болу керек дегенді ерекше атап өтті.

– Біз еліміздің әрбір азаматына ұлттық байлықты қайтару тетігін іске қосуға қол жеткізуіміз керек. Мәжіліс қоғамдық мүддені білдіретін барлық оқиғаларға парламенттік тергеу жүргізу құқығына ие болуға тиіс. Осылайша біз халықтың объективті ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеміз. Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру өкілеттігі бар Аудиторлық палата Мәжіліс құрамына кіруі тиіс. Бақылау функциясы сенімді ақпаратты қалпына келтіру үшін қажет. Себебі үкіметтің қазіргі есеп беру тәсілі сырғытпа жауап тәріздес, – деді ол.

Партия төрағасынан соң сөз алған спикерлер ауылдық округ әкімдерін іріктеу критерийлеріне қатысты жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды өзгертуді талап ететінін айтып, кәсіпорынды заңсыз жекешелендіру немесе өзге де құқықтық және салықтық заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оның күшін жойып, инвестор мен мемлекеттің міндеттемелерін қайта есептеу қажет екенін алға тартты. Олардың пікірінше, барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей дауыс беру арқылы халық сайлауы керек. Әкім міндетін дұрыс атқара алмаған жағдайда халық оны кері қайтаруы тиіс.

Партия өкілдері ең төменгі жалақы үш адамнан тұратын отбасын асырауды қамтамасыз етуі керек деген пікірде. Бұл үшін ең төменгі жалақы мөлшерін 140 мың теңгеге дейін жеткізу керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button