Денсаулық

Қазақстанда Covid-19 жаңа штамы

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада Цербер штамы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды, 99,5% Омикрон штамының басқа нұсқалары шыққан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Республикада қарашада қазан айымен салыстырғанда дерт жұқтыру 1,6 есе өсті. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, Covid-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді. Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 1-ден жоғары, бұл – вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі. Өңірлер бойынша кейінгі айда еліміздің 3 өңірі – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады. Сонымен қатар Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкентте соңғы аптадан бастап сырқаттану аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп келеді. Халықты коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button